09.11.2017
«ТжКБ жүйесінің заманауи қолжетімділігі туралы сараптаманы қажеттілігі жоғары жандар үшін жүргізді. Әрине, бізге қолжетімділік те қажет. Біз колледжердің қолжетімділігі туралы айтатын болсақ, жергілікті атқарушы органдар тек пандустармен ғана шектеледі. Қолжетімділік – тек пандустар ғана емес, бұл дәретханалар және өзге де шаралар. Бұл орайда біз жергілікті атқарушы органдармен жұмыс жүргізіп жатырмыз», - деді вице-министр.
Ведомство вице-министрі айтып өткендей, дертке қатысты мамандықтар тізімін анықтау арқылы колледждер кәсіби мамандарды дайындай алады.
«Қазіргі таңда біз колледжер тізімін анықтап жатырмыз, оқыту үрдісіне арнайы оқыту бағдарламаларын енгізудеміз. Жақын арада әдістемелік ұсыныстарды әзірлеу аяқталады», - деді А.Аймағамбетов.
Бүгінгі таңда ҚР БҒМ аталмыш санаттағы тұлғаларға білім беру бойынша ұстаздардың еңбекақысын арттыру бойынша жұмыс жүргізуде.
Ақбота Күзекбай
Фото,видео: Азамат Әлиев