• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада колледждер базасында үш ресурстық орталық ашу жоспарлануда 05.10.2017

«Астана қаласының колледждерінде 6 жаңа мамандық ашылды: "Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану" мамандығы бойынша мехатроник; көпірлер мен көлік тоннельдері; электромеханикалық жабдық; медициналық техниканы монтаждау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу; кітапхана ісі; энергоменеджмент», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ колледждер базасында үш ресурстық орталық ашу жоспарлануда. Орталықтарда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс, металл өңдеу сияқты салалардағы мамандарды даярлау жүргізіледі. 

Ақпаратқа сәйкес, биыл оқу-материалдық базаға 182 млн теңге бөлінген. 

Бүгінде 34 колледждің 18-інде дуалды оқытудың нгізгі принциптері енгізілген, ол 1048 білім алушыны қамтиды.

Бұдан бөлек, тағы 9 колледжде дуалды оқытуды енгізу жоспарлануда. 


Back to the list