13.09.2017
Астанада ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ҚР ҚАӨМ) мен Қазақстанның жетекші техникалық жоғары оқу орындары арасында ақпараттық қауіпсіздік, ғарыш қызметі саласындағы бірлескен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды іске асыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.
Сондай-ақ қол жеткізілген келісушіліктер аясында Алматы энергетика және байланыс университетінің, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің, Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері ҚР ҚАӨМ қарамағындағы немесе оның сенімгерлік басқаруындағы ұйымдардың алаңында өндірістік тағылымдамадан өте алады.
Мұндай өзара іс-қимыл электрондық өнеркәсіп және ақпараттық қауіпсіздік сияқты жас салаларды қалыптастыру кезінде ерекше қажет екенін атап өткен жөн.