11.09.2017
Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 3,5 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген.
«Елорданың 84 білім беру мекемесінде бастауыш сынып оқушыларының барлығы ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін болады. Сонымен қатар 5-11 сыныптардар оқитын аз қамтылған отбасылар мен жетім балалар да тегін ыстық тамақпен қамтылады», - деді қалалық білім басқармасының кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бөлімінің бас маманы Әсем Үсенова.
Оның айтуынша, Астана мектептеріндегі асханаларда 26 жеке кәсіпкер жұмыс істейді. Жаңа оқу жылына дайындық барысында барлық мектептердің асханалары ағымдағы және күрделі жөндеуден өткен.