• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Оқушылардың ата-анасы  оқулықтардың сапасына онлайн баға бере алады – БҒМ 07.09.2017

Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Қоғамдық бағалау» порталына қазіргі уақытта мемлекеттік сараптамадан өтіп жатқан 3, 6, 8-сынып оқулықтарының орналастырылғанын хабарлайды 

Оқулықтарды «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының сайтында орналасқан (www.okulyk-edu.kz) «Оқулықтарды қоғамдық бағалау» баннері  арқылы көре аласыз.

Бұл портал оқу әдебиеттерінің сапасы бойынша ата-аналардың және педагогтар қауымының пікірлері мен ұсыныстарын қабылдауға арналған.

«Сіз оқу әдебиеттерінің сапасы мен мазмұнын жақсарту мақсатында өз пікіріңіз (ескертулер) бен ұсыныстарыңызды қалдыра аласыз», - делінген хабарламада.

 


Back to the list