04.09.2017
ШҚО әкімдігі хабарлағандай, №44 мектеп заманауи стандарты мен білім беру талаптарына сай.
Облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова айтып өткендей, «Азия» ЖШС құрылысшылары аз уақыттың ішінде заманауи мектеп салды.
«Мен барлық оқушылар мен ұстаздарды қазіргі заманғы мектептің ашылуымен құттықтаймын. ШҚО әкімінің басшылығымен облыстағы білім беру жүйесі жоғары нәтиже көрсеті: ҰБТ қорытындысы бойынша ШҚО мектептерінің түлектері Қазақстан бойынша орташа көрсеткіштен жоғары нәтиже көрсетті», - деді Ә.Нүсіпова.
Айта кетерлігі, мектеп инновациялық қондырғылармен жарақтандырылған. Модификацияланған оқу сыныптары мен кітапхана оқушылардың қолайлы білім алуын қамтамасыз етеді.
Айта кетейік, биыл ел мектептерінде жаңартылған оқу мазмұнына көшу жалғасуда. Биыл жаңартылған бағдарламаға 2,5 және 7 сыныптар көшеді.