• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Бүгін Қазақстан Білім күнін мерекелеуде 02.09.2017

БҒМ мәліметінше, Қазақстанда  300 мыңнан астам оқушы бірінші сыныпқа барды.

Биыл олардың саны өткен жылмен салыстырғанда  10,5 мың адамға көйбейген.

Мәселен, Ақтөбе облысында  132 мың бала қабылданса,  16 422 мыңы бірінші сынып оқушылары.

Сондай-ақ, республика өңірлерінде 1 қыркүйекке қарсы 35 жаңа мектеп ашылады. Сондай-ақ, 300 мектепте  күрделі жөндеу жүргізіліп,  420 мектеп қайта жаңғырытылды.

Айта кетейік, бүгін  Астана қаласындағы Халықаралық мектепте «Болашақ кілті – жастарда» тақырыбына арналған жаңа оқу жылының басталуын мерекелейтін салтанатты жиын ұйымдастырылады. Биылғы мерекелік жиында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын жүзеге асыру және Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қоғамды рухани жаңғыртудың басымдықты бағыттарын оқушылар арасында кеңінен насихаттау көзделеді.

 


Back to the list