02.09.2017
Өзінің құттықтау сөзінде өңір басшысы мемлекеттік қолдау мен Елбасының қазақстандық өскелең жас ұрпаққа деген тұрақты қамқорлығының арқасында биылғы жылы Алматы облысында 41 жаңа мектептің құрылысы жүргізіліліп жатқандығын тілге тиек етті.
Оның 35-і ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға берілетін болса, 24-і Білім күні қарсаңында берілгелі тұр. Соның ішінде бүгінгі салтанатты түрде ашылып жатқан №1 Рахат орта мектебі де бар екендігін атап өтті.
Естеріңізге салар болсақ, құрылыс жұмыстарын «Жөндеу құрылыс» ЖШС жүргізді. Жобаның жалпы сметалық құны – 1,4 млрд. теңгені құрады. Мектеп екі қабаттан тұрады және 600 оқушыға арналған.
Мектепте қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген физика, химия кабинеттері, акт және спорт залдары, асхана, мультимедиялы-лингафондық кабинет пен өзге де кабинеттер қарастырылған. Мектептің педагогикалық құрамында 83 мұғалім бар.