• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Өскеменде  Назарбаев зияткерлік мектебі ашылды 31.08.2017

 Зияткерлік мүмкіншіліктері жоғары балаларға сапалы білім алуға барлық жағдай жасалған мектепте бүгінгі күні  645 оқушы білім алуда.

«Балалар өздерінің зияткерлік және шығармашылық потенциалдарын өсіру мүмкіншілігіне ие болу керек. Сапалы білім – басты фактор. Біздің тіл пәнінің ұстаздары бірегей бағдарламамен және жаңа әдіс бойынша деңгейлерін көтерді. Үштілді оқыту бағдарламасын еңгізу бойынша пилоттық жобаны әзірлеп, іске асырып жатырмыз. Жақын болашақта бүкіл мемлекетіміз осы бағдарламаны еңгізу барысында Шығыс Қазақстан салып өткен жолмен жұмыс істейтін болады»,  – деді аймақ басшысы. 

Назарбаев Зияткерлік мектеп – болшақтын мектебі, ХХІ ғасырдың білімі дәл осындай болу қажет деп атап өтті Даниал Ахметов.

Бұл мектептің әрбір 6 оқушысы «Алтын белгінің» иесі, 96 пайызы білім гранттарын ұтып алды, мектептің 33 оқушысы қазіргі таңда АҚШ, Канада, Жапония, Қытай және Еуропа елдерінің университеттерінде білімдерін жетілдіріп жүр. Жақында Өскемен қаласының Назарбаев зияткерлік мектебі CIS (халықаралық мектептер кеңесі) аккредитациясынан алды. Яғни, білім сапасы әлемдік стандарттарға сай келеді деген сөз.

Мектептің ашылу салтанатының арнайы қонағы болып "Назарбаев Зияткерлік Мектептері" Дербес Білім Беру Ұйымының қамқоршылық кеңесінің төрағасы, Назарбаев университетінің президенті Шигео Катсу қатысып, өскемендік зияткерлік мектептің оқушылары түрлі деңгейдегі академиялық жарыстарда жоғары нәтиже мен үлкен жетістіктерге жеткенін атап өтті.

Салтанатты жиыннан кейін қонақтар мектеп ішін аралап, зертхана, робот техникасын құрастыру мен техникалық модельдеу кабитеттерін, жылыжай мен басқа сынып бөлмелерімен танысып қайтты.

 

 

 

 

 


Back to the list