• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Ұзынағаш ауылында 1200 орынға арналған мектеп ашылды 28.08.2017

Биыл Алматы облысында 49 000 бүлдіршін 1 сыныпқа барғалы отыр.

Әкімдікте атап өткендей, құрылыс жұмыстары 2016 жылдың тамызында басталып, 2017 жылдың тамызында толығымен аяқталды. Ғимаратта барлық материалдық-техникалық базамен қамтылған 60 оқу кабинеті, соның ішінде арнайы құрал-жабдықтармен жабдықталған 2 химия, 2 физика, 2 биология, 2 ЛМК, 4 информатика кабинеттері бар. Сонымен қатар 2 кітапхана, 2 технология кабинеті, 2 спорт залы мен 230 орындық асханасы да бар.

Бүгінгі күні жаңа мектепке 850 оқушы қабылданған. Оқушылар  оқулықтармен 100% қамтамасыз етілген.

"Құрметті балалар! Бүгін біз жаңа мектеп ашып отырмыз. Сабақтарыңды жақсы оқып, ұстаздарыңнан өмірлік тәлім-тәрбие алып, білім нәрімен сусындап, еліміздің болашағына сүбелі үлес қосар саналы азамат болып өсетіндеріңе сенім білдіреміз. Барлықтарыңа тек жақсылық тілеймін", - деді облыс әкімі Амандық Баталов мектептің ашылу рәсімінде.


Back to the list