• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қарағанды облысында үш жылда барлық мектептер мен балабақшалар жөндеуден өтеді 25.08.2017

« 2017жылы мектептер мен балабақшаларды жөндеуден өткізуге 4,6 млрд теңге бөлінді,бұл бұрнағы жылмен салыстырғанда екі есе көп. Бұл қаржыға 100ден артық білім ошақтары күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізілді. Алайда, жөндеу жұмысына деген қажеттілік бұдан әлдеқайда көп, оған 20 млрд теңгеден астам қосымша қаржы қажет, -деді облыстық білім басқармасының басшысы Асқат Аймағамбетов - 250 білім мекемесі шатыр, ал, 300 –ден астамы терезе блоктарын ауыстыруды күтіп тұр.Бұл белгілі мәселе. Шынында да, бөлінген қаржы жеткіліксіз», - деді Ерлан Қошанов.

Келер жылы білім саласына, оның ішінде жөндеу жұмыстарына бөлінетін қаржы ұлғайтылады. Жөндеу жұмыстарын кезең–кезеңімен өткіземіз. 2018 жылы төбе жабындылары мен терезе айырбастау мәселесі түбегейлі шешілетін болады.

2019 жылы жылу жүйесі мен қасбет, ал, 2020– шы жылға қарай абаттандыру жұмыстарымен айналысатын боламыз. Қазір жергілікті бюджеттен ғана емес, облыстық бюджет есебінен де қаржыландыруды ұлғайту мәселесін қарастырудамыз.

Осылайша ғимараттардың энергиялық тиімділігі арттырылмақ. Есеп бойынша бұл шаралар тек жылудан ғана шамамен жылына 100 млн тенге үнемдеуге мүмкіндік бермек.

Жиында 2017 жылы облыстың білім саласының бюджеті 12%–ға, яғни, 96,5 млрд тенгеге ұлғайғаны айтылды.


Back to the list