• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
2019 жылға дейін барлық Зияткерлік мектептер  CIS аккредитациясы туралы сертификат алады 19.08.2017

Зияткерлік мектептердің жаңа статусы педагогикалық ұжым мен оқушылар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

Атап өтер болсақ, CIS – білім саласындағы соңғы жаңалықтар мен жоғарғы стандарттарды одан әрі ілгерілету үшін құрылған әлемдегі ең танымал ұйым. Қазіргі уақытта белді клубқа көптеген мемлекеттердің флагмандық мектептері мен оқу кешендері мүше. Сонымен қатар, ұйым әлемнің үздік 50 университетімен ынтымақтастық орнатқан, яғни бұл университеттер аккредиттелген мектеп түлектерін оқытуға мүдделі.

Аккредитациядан өту процедурасы ұзақ және жан-жақты жұмыс жүргізуді қажет етеді және ол мектепте тікелей инспекция жүргізілгеннен кейін аяқталады. Англия, Германия, Ресей, Әзірбайжан, Иордания, АҚШ және т.б. мемлекеттердің өкілдерінен құралған CIS-тің беделді тобы көктемде Семей,  Өскемен және Көкшетау қалаларында жұмыс жасап, мектептердің мендежментін, мұғалімдердің кәсіби оқыту машығын, оқыту процесін ұйымдастыру мен жалпы мектеп өмірін саралап, бағалаудан өткізді. Біздің мектептердің «Өмірлік құндылықтар», «Оқыту және үйрету», «Басқару және көшбасшылық», «Кәсіби құрам және техникалық қызметкерлер», «Қолжетімді оқыту мен білім», «Операциялық жүйелер», сондай-ақ шет тілдерін меңгеру бойынша барлық әлемдік стандарттар талабына сәйкес келетіндігі анықталды.

Қазіргі таңда бес Назарбаев Зияткерлік мектептері аккредитациядан өтті. Жоспар бойынша алдағы оқу жылында тағы сегіз мектеп, ал 2019 жылы барлық мектеп халықаралық аккредитациядан өтетін болады.

Қазақстандық мектептердің әлемдік деңгейдегі таңдаулы білім беру ұйымына мүше болуы барлық отандық білім беру жүйесі үшін айтулы оқиға болды. 


Back to the list