11.08.2017
Қала әкімдігі хабарлағандай, аталған жобаның мақсаты - барлық уақытта Қазақстанда шығарылған жəне Қазақстан туралы шетелде жарық көрген кітаптарды жинау.
«Astana – Bilimland» онлайн жобасының қызметін пайдалану үшін елорда тұрғындары мен қонақтарына ғаламторға қосылған мобильді телефондары болса жеткілікті. Баннерден қажет кітапты таңдап QR-код арқылы сканерлеп, қалаған шығармаға сілтеме алу керек. Сонымен қатар оқырмандарға аудиокітап мобильдік қосымшасын жүктеп алып, интернетке байланыс жоқ жерде оқуға болады.
Естеріңізге саламыз, ұйымдастырушылар бірінші баннерді "Хан Шатыр" сауда ойын-сауық орталығының жанындағы аялдама кешенінде орнатқан болатын. Қазіргі таңда тағы осындай 27 баннерді қаланың барлық қол жетімді нүктелерінде, яғни мектептерде, əлеуметтік маңызы бар орындарда, халыққа қызмет көрсету орталықтарында жəне басқа да қоғамдық орындарда орнату жоспарлануда.
Кітапхана аясында құрамында 150 мың сөз бен сөз тіркестері бар қазақ тілінің əмбебап сөздігін табуға болады. Сондай-ақ орыс және ағылшын тілдеріндегі кітаптарды оқи аласыз. Шығармалар базасы жаңартылып, жас жəне заманауи авторлардың шығармаларымен толығып тұрады.