• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанда кадрларды даярлауға мемлекеттік тапсырыс көлемі ұлғайтылды 10.08.2017

Өткен оқу жылымен салыстырғанда бұл бакалавриаттағы 6230 грантқа артық. 2017-2018 оқу жылына арналған білім гранттарының саны 37 932 грантқа көбейген. 

Осы ретте мемлекеттік тапсырысты орналастыруға рұқсат берілген жоо тізбесі кеңейтілген. Білім гранттарын беруге арналған конкурсқа 63169 адам қатысты, оның ішіндее 49858 адам қазақ тілінде, 13311 адам орыс тілінде.  

«Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» жобасы аясында студенттерді оқыту квотасы бойынша конкурсқа 9148 адам қатысты.

Білім гранттарын иеленушілердің тізімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің және Ұлттық тестілеу орталығының сайттарында, сондай-ақ  «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» республикалық газеттерінде жарияланады.

Комиссияның құрамына мемлекеттік органдардың, "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Жоғары оқу орындары қауымдастығының өкілдері, жоғары оқу орындарының ректорлары енді.


Back to the list