• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада балалардың 70,6%-ы мектепке дейінгі тәрбиелеумен қамтылған 10.08.2017

Бүгінгі күні Астана қаласының білім беру жүйесін 422 ұйым құрайды. Оның ішінде мектепке дейінгі білім  – 264, орта білім – 95, НЗМ (3 мектеп), РФММ, техникалық және кәсіптік білім – 34, арнайы білім – 13, қосымша білім - 12.

Әнуар Жанғозин ақпараттандырғандай, жаңартылған мазмұн бойынша мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен қамтылған 3-6 жастағы балалардың үлесі  70,6% құрайды.

«Жаңартылған мазмұн бойынша мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен қамтылған 3-6 жастағы балалардың үлесі  70,6% құрайды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда көрсеткіштің 5,7 %-ға ұлғайғанын көрсетеді. Бұл индикаторға 440 орынға арналған екі балабақшаның ашылуының арқасында қол жеткізілді, сондай-ақ Ұлттық компаниямен меморандум жасау арқылы 240 орынға арналған балабақша ашылды. Кәсіпкерлерді тарту бойынша үлкен жұмыс атқарылды, нәтижесінде, 3949 орынға арналған 44 мектепке дейінгі  жеке меншік мекеме ашылды», - деді білім басқармасының өкілі.

Осылайша, ағымдағы жылы мемлекеттік білім тапсырысы 15 900 теңгеден 23 000 теңгеге дейін өскен, ата-аналар ақысы 23 000 теңгеден 20 800 теңгеге дейін төмендеген. Бұл фактор жеке меншік балабақшаларды дамыту үшін стимул болып, балаларды қамтуды ұлғайтуға ықпал етті. 

«2017 жылы 480 орынға арналған екі мемлекеттік және Астана қаласының әкімдігі мен Ұлттық компаниялар арасындағы меморандум шеңберінде 720 орынға арналған үш балабақша ашу жоспарланып отыр. Балабақшалардың құрылысы бойынша жеке меншік әріптестерді анықтау бойынша конкурс өткізілді. Қазіргі уақытта МЖӘ аясында 6 жоба іске асырылуда», - деп ақпараттандырды ол.

Осылайша, 2019 жылы балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен 100% қамту жоспарлануда.


Back to the list