• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Жаңа жоба жастар арасындағы әлеуметтік климатты жақсартуға мүмкіндік береді 10.08.2017

«Барлығына арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру" жобасы бойынша 4757 студент қамтылады.

«Жаңа жұмысшы мамандықтарының талап етілуі анықталды: көпірлерге, туннельдерге, көлік құралдарына, медициналық техникаға қызмет көрсету. Бізде кітапханашылар жетіспейді, сондықтан, осы мамандық та ашылды», - деді Ә. Жанғозин.

Оның айтуынша, бүгінгі күні мамандарды даярлау 34 колледжде: 12 мемлекеттік және 22 жеке меншік колледжде 66 мамандық және 113 біліктілік бойынша жүргізіліп жатыр. Техникалық және кәсіптік білім берумен 26 262 адам қамтылған.

Бұдан бөлек, мектеп түлектері, колледждер мен жоо-лардан шығарылған бұрынғы студенттер, білімі жоқ, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар да жұмысшы мамандығына тегін оқытылады. 

Айта кетейік, «Барлығына арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру" жобасы білікті жұмысшы кадрларды даярлау көлемін 40%-ға ұлғайтуға және тегін білім алуға  ниет білдірушілердің барлығын қамтуға бағытталған. 

Жұмыспен қамтуды ұлғайту, жастар арасындағы әлеуметтік климатты жақсарту, тегін жұмысшы біліктілігін алуға ниет білдірушілердің барлығын толық қамту, жұмыссыздық көрсеткіштерін қысқарту, жалпы ел экономикасына оң әсер ету Жобаны енгізу нәтижесі болады деп күтілуде. 


Back to the list