09.08.2017
БҚО әкімдігі хабарлағандай, жергілікті бюджеттен оқулықтарды сатып алу үшін 2 334,9 млн. теңге бөлінді.
Облыста жаңартылған білім мазмұнына көшуге байланысты 2, 5, 7 сыныптардың барлық оқулықтары, мектепалды даярлық, арнаулы мектеп оқулықтарына, ағылшын тілінде жаратылыстану бағытындағы оқулықтар және қорды толықтыру бағытында барлығы 1 244 000-нан астам дана оқулық пен оқу-әдістемелік кешендерге тапсырыс берілді.
«Жергілікті бюджет есебінен 12 білім нысанына жалпы сомасы 1241,0 млн. теңгені құрайтын күрделі жөндеу жүргізілуде. Күні бүгін 5 білім нысанында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.Қазіргі таңда облыста 9 білім нысанының құрылысы жүргізілуде. ҚР Ұлттық қоры есебінен: (Орал қаласының Деркөл кентінде әрқайсысы 600 орындық 2 мектеп (қараша, желтоқсан), Зашаған ауылының Сарытау шағын ауданында 900 орындық мектеп, Орал қаласында апатты жағдайдағы №4 жалпы білім беретін орта мектеп ғимараты (қараша)», - делінген хабарламада.