• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанадағы белгілі ғалымдар космология саласындағы зерттеулерді талқылауда 07.08.2017

Энергетикалық ғарыш зертханасы халықаралық конференциясы космология мен астрофизика саласындағы мамандардың өзара іс-қимылын талқылауға, Қазақстанның, сондай-ақ ТМД елдерінің университеттері мен ғылыми орталықтары арасындағы ынтымақтастықтың қолданыстағы және жаңа бағыттарын нығайтып, дамытуға бағытталған. 

Назарбаев Университетінің студенттері америкалық астрофизик және космолог, 2006 жылы физикадан Нобель сыйлығының лауреаты Джордж Смуттың дәрісін тыңдап қана қоймай, космология саласындағы өздерін қызықтырған сұрақтарын да қойды.    

Джордж Смут Берклиде Калифорниялық университетте физика профессоры. Ғалымның реликтивті сәулелену бойынша жұмыстары үлкен жарылыс теориясын растағанын айта кеткен жөн. 

Бұдан бөлек, осы конференцияға Жапония, Ресей, Франция, Италия, Корея, Өзбекстаннан космология және астрофизика саласындағы әлемдік көшбасшылар да келген. Атап айтқанда, ғалымдар космология саласындағы сәулеленуді, жарқыл гаммалары мен заманауи детекторларды бірігіп талқылай алады. 

Айта кету керек, бүгінгі таңда Қазақстанда Фесенков астрофизика институты, Ионосфера институты сияқты ғылыми-зерттеу орталықтарында астрофизика және космология саласындағы зерттеулер белсенді түрде жүргізілуде.  

Ақбота Күзекбай


Back to the list