• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
2017 жылы елордада жаңа балабақшалар ашылады 01.08.2017

Қазіргі таңда мемлекеттік–жекеменшік әріптестік шеңберінде 2019 жылы 1680 орынды қамтитын 6 балабақшаның жобасы жүзеге асырылуда. 

Қазір астаналық балабақшаға 47 мыңға жуық бала барады. Олардың 27 193-і мемлекеттік, 14 854-і жеке бақшаға барады.

Шамамен 5 мың бүлдіршін шағын орталыққа және мектепке дейінгі мекемелерге (мектепке даярлық орталықтары) барады. Күн сайын жеке бақшаға жолдама алатын бүлдіршіндердің саны артуда.

Елордалық бүлдіршіндерді мектепке дейінгі дайындықпен 100% қамтамасыз ету мақсатында,  жекеменшік сектормен тығыз жұмыс жүргізілуде. 2016 жылы мемлекеттік тапсырысы бар 4000 орында қамтитын 44 жеке балабақша ашылып, бүгінгі таңда қызмет жасауда.

Осы жылы Білім басқармасына кәсіпкерлер тарапынан 5 мыңнан астам орынды қамтамасыз ететін жекеменшік балабақшаларға тапсырыс берілген. Бұл санды арту жоспарланып отыр.

 


Back to the list