• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ҚР БҒМ «Мектепке жол» акциясына қатысуға шақырды 31.07.2017

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жаңа оқу жылының басталуына бір ай қалғанда 2017 жылғы 1 тамыздан бастап 30 қыркүйекке дейінгі кезеңде дәстүрлі «Мектепке жол» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясын өткізетінін жариялайды», - деді М.Әбдікәрім.

Ағымдағы жылы Министрліктің әлеуметтік бағыттағы бұл бастамасы «Менің таңдауым - балаларға көмек көрсету!» ұранымен өткізілуде.

«Акцияның басты идеологиясы аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ішінен оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу үшін көмек көрсету болып табылады», - деді ол.

Акция барысында мектепке бармайтын балаларды рейдтік іс-шаралар, пәтерлерді аралау арқылы анықтауға, мектепке дайындау бойынша әлеуметтік қорғалмаған отбасыдан шыққан балаларға көмек көрсетуге аса көңіл аударылады.

 


Back to the list