14.07.2017
«6 мектептің құрылысы басталды, жыл соңына дейін 4 білім ордасын салу жоспарлануда. Жалпы алғанда 11 мың орынға арналған 10 мектеп салынады, ол 2018-2019 жылдары пайдалануға беріледі. Оған қоса 13 мектептің жобасын іске асыру бойынша жұмыс басталып кетті. Біздің жоспарымызда – жыл сайын 13-14 мектепті пайдалануға беру», - деді білім беру басқармасының міндетін атқарушы А. Жанғозин.
Қазіргі таңда елордада 95 жалпыбілім беретін білім ордасы бар, онда 130 542 оқушы білім алады. Онымен бірге балалардың көбісі мемлекеттік мектептерге барады. 84 білім ордасында 127 мыңға жуық оқушы білім алады. 11 жеке мектепте 3 625 оқушы оқиды. Орын жетіспеушілік қаланың 27 мектебінде сақталды (оның 3 мектебінде сабақ үш ауысыммен өткен).