• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қарағандыда бюджет есебінен 48 мектеп пен балабақша  жөнделеді 13.07.2017

Облыс әкімі Ерлан Қошановтың тапсырмасымен қаладағы барлық білім ұйымдарының қажеттіліктері анықталды. Инфрақұрылым мен модернизация мәселелерін кешенді шешу үшін жөндеу және абаттандыру бойынша, сондай-ақ білім ұйымдарының материалдық базасын нығайту үшін арнайы бағдарлама жасалды.

«Ол кезеңмен жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда 2 млрд теңгеден астам сомаға жобалық-сметалық құжаттамалар бар. 2018 жылға арналған жобалық-сметалық құжаттама даярлануда»,- делінген хабарламада.

Мектептерді жабдықтау үшін қалалық бюджеттен 600 млн теңге бөлінді.

 2017-2018 оқу жылының басталуына дейін 74 жаңа пәндік кабинет, 16 робототехника лабораториясы жабдықталып, мыңнан аса жаңа компьютер сатып алынбақ.


Back to the list