• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада робототехника бойынша жарыс өтуде 03.07.2017

Жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен 150 команда қатысуда. Чемпионатқа 300-ге жуық қатысушы келді. Ең үлкен делегация Алматыдан келген. Павлодардан келген ең жас қатысушы 8 жаста. Сондай-ақ биыл жарысқа Өзбекстан да қатысуда.

«Қазақстандағы робототехника болашақта дами түседі деп ойлаймын. Себебі адамдар үлкен қызығушылық танытуда және елімізде өте жақсы жаттықтырушылар құрамы даярланған. Робототехника бойынша жарыстар өңірлерде де өткізіле бастады», – деп атап өтті "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰ басқарма төрағасы Күләш Шамшидинова.

Ұлттық сайыстар мен оқу-жаттығу жиындарының қорытындылары бойынша Қазақстанның ұлттық құрама командасы құрылып, 2017 жылғы қарашада Коста-Рикада Қазақстанның абыройын қорғамақ. 

Чемпионат НЗМ базасында осымен үшінші жыл қатарынан өтіп жатыр, биылғы тақырып - "Тұрақты даму". 

Еске сала кетейік, 2014 жылы "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰ WRO ережелері бойынша Қазақстанның робототехника бойынша ұлттық үйлестірушісі мәртебесіне ие болған. 


Back to the list