• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанда ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдер даярланады 30.06.2017

Отандық жоғары оқу орындарында алғаш рет «физика», «информатика», «химия», «биология» мамандықтары бойынша ағылшын тілінде білім алу мүмкіндігі пайда болды.

Бұдан бөлек, магистратура мен докторантура бойынша гранттар саны да ұлғайған.

«Егер өткен жылы 7 мыңнан астам грант болса, биыл 10 мыңнан астам. Докторантурада гранттар саны екі есе – 628-ден 1285-ке дейін ұлғайған. Сондай-ақ докторантураға ақылы негізде де түсуге болады», - деп хабарлады ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары Гүлзат Көбенова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында.

2017-2018 жылдарға арналған мемлекеттік тапсырысты бекіту туралы, жоғары оқу орнынан кейінгі жоғары білімнің барлық үш деңгейі бойынша гранттардың жалпы санымен «Казахстанская правда» және «Егемен Қазақстан» газеттерінен оқып білуге болады.


Back to the list