20.06.2017
Республика бойынша ҰБТ-ға қатысу үшін 86999 мектеп бітіруші өтініш берген, ол жалпы мектеп бітірушілердің 71,85% құрайды.
Ұлттық тестілеу орталығы хабарлағандай, қазақ тілінде – 63025 (75,63%), орыс тілінде – 23974 (63,49%). ҰБТ-ға қатысуға өтініш бергендердің ішінен 84079 мектеп бітіруші тестілеуге қатысты.
Аудиторияда тәртіп сақтау ережесін бұзғаны және тыйым салынған заттарды қолданғаны үшін 38 мектеп бітірушінің тест нәтижелері жойылды.
Қорыта келгенде, 2016 жылы 84041 мектеп бітіруші немесе олардың жалпы санының 66,40%-ы ұлттық бірыңғай тестілеуден өтті. Оның ішінде: 61706 қазақ тіліндегі, 22335 орыс тіліндегі мектеп бітірушілер. ҰБТ-ға барлығы 4893 жалпы орта білім беру ұйымдары қатысты.
БҒМ мәліметінше, тестілеуге қатысуға өтініш берген мектеп бітірушілердің санынан ҰБТ-ға қатысу үлесі жағынан келесі аймақтар жоғары болды: Оңтүстік Қазақстан облысы – 98,05%, Жамбыл облысы – 97,01%, Атырау облысы – 96,31%. Төмен көрсеткіштер Астана қаласы Алматы қалаларында – 92,43% және 84,38% , Республикалық мектептер арасында - 84,63% байқалды.
Республика бойынша ҰБТ-ның орташа балл нәтижесі конкурсқа қатысты пәндер бойынша 65,96 балды құрады (2015 жылы 65,39 балл болған).
Конкурсқа қатысты пәндер бойынша 6231 немесе мектеп бітірушілердің жалпы санының 7,41%-ы тоқсаннан жоғары балл жинады.