• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Атырау облысында  10 балабақша мен  10 мектеп ашылады 16.06.2017

«Балабақшалар құрылысына 6 млрд 579 млн теңге бөлінсе, ал мектеп құрылысына 8 миллиард 82 миллион теңге кетті. Балабақша мен мектеп құрылысы жергілікті бюджет есебінен және жер қойнауын пайдаланушылардың әлеуметтік аударымдар есебінен салынып жатыр», - деді Атырау облысы құрылыс басқарма басшысының орынбасары Мерей Жантуреев.

2017 жылы 2335 орынды 10 балабақша және 2622 орынды 10 мектеп-Құрманғазы, Қызылқоға, Индер, Махамбет және Исатай аудандарында, сондай-ақ Атырау қаласында пайдалануға беру жоспарда бар.

Айта кететің жәйт 2016 жылы 6 балабақша мен 2 мектеп пайдалануға берілді.

Сондай-ақ, облыстың әртүрлі аудандарында және Атырау қаласында 37 балабақша мен 20 мектеп құрылыс үшін жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр.

Бұдан басқа, Жантуреевтің айтуы бойынша, қазіргі уақытта құрылыс басқармасы, сауықтыру лагерлері балалардың қыста және жазда да дем алуға мүмкіншілік беретін екі демалыс орындары үшін жобалау-сметалық құжаттаманы дайындауда.

 

 


Back to the list