• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Ғылым және техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықты  беру жөніндегі комиссияның отырысы өтті 08.06.2017

Кеңесте Гүлшара Әбдіқалықова  айтып өткендей,  Елбасының Жолдауына  сәйкес  инновациялық қызметтің  қорытындысы  өнеркәсіпке енгізілуі керек,  бұл Әл-Фараби атындағы ғылым және білім сыйлығына қатысудың басты талабы.

«Мемлекет басшысы өзінің  «Болашаққа бағдар:  рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтып өткендей,  бізге жетістікке жету үшін ашықтық пен елгезектік қажет.  Ғылым мен білім саласындағы Мемлекеттік  сыйлық  қоғам мен мемлекет алдындағы  ғылым мен білім жұмысының ең жоғары бағасы болып саналады», - деді Мемхатшы.

Г.Әбдіқалықованың айтуынша,  ҚР Мемлекеттік сыйлығына қатысу үшін  2017 жылы 24 жұмыс келіп түскен.

Күн тәртібінде 2 мәселе талқыланды.

«Бірінші мәселе –  Әл-Фараби атындағы  ғылым және білім  саласында ҚР Мемлекеттік сыйлығына әрі қарай қатысу үшін  жұмыстарды алдын ала іріктеу, екіншісі – жұмыстардың тізімін бекіту, одан әрі өткен жұмыстарды БАҚ беттеріне тарату», - деді ол.

Айта кетейік, 2017 жылы  Мемлекеттік сыйлықтың  көлемі  18,6 млн теңгені құрайды.

Ақбота Күзекбай


Back to the list