09.06.2017
«11 сынып оқушыларын аттестациялау бес пән бойынша жүргізіледі. Оларың ішінде төртеуі міндетті – ана тілі, екінші тіл, алгебра мен Қазақстан тарихы және тағы бір пәнді оқушы өзі таңдайды. Ана тілі бойынша емтихан эссе ретінде үш сағатқа, алгербра бойынша бақылау бес сағатқа, Қазақстан тарихы бойынша емтихан ауызша және таңдалып алынған пән бойынша тест тапсырылады. Барлық емтихандар мектеп қабырғасында өткізіледі», деп көрсетілген облыс әкімдігінің хабарламасында.
Бұдан басқа, оқушылар мен ата-аналарды сынақ нәтижесімен жедел таныстыру үшін бақылау бағасы «ҰБТ-2017» интернет ресурсының «Статистика» сервисінің «Қорытынды аттестация» бөлімінде жарияланады.