17.05.2017
Республика көлемі бойынша 7450 мектептің 6831-де, яғни 92 пайызында жалпыұлттық ата-аналар жиналасы жоғары деңгейде өткізілді. Әсіресе Алматы (64%), Қарағанды (80%) Ақтөбе (69%) Қызылорда (85%) Шығыс Қазақстан (89%) облыстары мен Алматы қ. ата-аналары белсенділік танытып, түйткілді мәселелерді қозғады.
Жалпыұлттық ата-аналар жиналысына 1 млн 370 мыңнан астам ата-ана қатысты.
Жалпы, ел ауқымында өткізілген шараның негізгі мақсаттарының бірі – шәкірттер білім нәрін сіңіріп жүрген мектеп беделін көтеру және рухани құндылықтарды арттыру болатын.
Мектеп басшылығы мен ата-аналар биыл жаңа форматта өтетін ҰБТ-ға оқушылардың дайындығы қай деңгейде екенін толықтай талқылауға мүмкіндік алды. Түлектердің мектепті тәмамдау құрметіне өтетін мерекелік іс-шараларының қандай қағидаларға сәйкес болуы қажет деген сұрақ та жауапсыз қалған жоқ.