• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанның барлық өңірлері ҰБТ өткізуге дайын – ҚР БҒМ 12.05.2017

«Бізде барлығы 130 мың оқушы мектеп аяқтайды, 97 мыңнан астам бала ҰБТ тапсырады. 10 мамырда Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініш тапсыру рәсімі аяқталды. Барлық балалар мектептерде 29 мамыр – 10 маусым аралығында соңғы емтихандарын тапсыруы тиіс», - деді Э. Суханбердиева. 

Мектептердегі соңғы емтихандарға 5 пән – 4 міндетті және 1 таңдалатын пән кіреді. Сондай-ақ, оқушылар ҰБТ-да 3 бейінді және 2 өздері таңдайтын пән бойынша емтихан тапсырады. 

«Біз биыл ҰБТ-ның жаңа форматына көшеміз. Мектептерде «Алтын белгі» балалар мемлекеттік емтиханды тапсырғаннан кейін беріледі. 20 маусымнан бастап 1 шілдеге дейін ҰБТ өтеді. Сондай-ақ, балаларды жеткізу, тамақтандыру және олардың қауіпсіздігі үшін жергілікті атқарушы органдар жауапты болады. 14 облыстың, Астана және Алматы қалаларының барлық әкімдіктері ҰБТ өткізуге дайын», - деп атап өтті вице-министр. 

ҰБТ жаңа форматы әр түрлі елдердегі емтихан өткізудің халықаралық тәжірибесін талдау нәтижесінде әзірленгенін айта кету керек. Бұл жоо-ға түсу емтихандары және соңғы емтихандар бөлек өткізілетін елдердің тәжірибесі. ҰБТ мазмұндық бөлігінде тестілер оқушылардың одан әрі оқу қабілеттерін, логикалық ойлау деңгейін, базалық біліктіліктерін анықтауға бағдарланған. 

Ақбота Күзекбай 


Back to the list