12.05.2017
Қалалық әкімдікте хабарлағандай, ағымдағы жылы Қалқаман шағын ауданында, жалпы ұзындығы 17 км болатын 32 көшеде жаңа жолдар салу, ұзындығы 26 км 22 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған.
Бұдан бөлек, Саин көшесінен бастап Таусамал кентіне дейінгі аралықта Жандосов көшесінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмыс барысында жолдың көлік жүретін бөлігін төрт жолаққа дейін кеңейту, Қарғалы өзені арқылы өтетін көпірді қайта құру, веложолдар мен саяжолдар салу көзделген. Қала басшысына көшені күрделі жөндеу бойынша жұмыстарды қыркүйекке дейін мерзімінен бұрын аяқтау жоспарланғаны баяндалды.
Сондай-ақ, қала әкімі Ақжар шағын ауданында біраз уақыт бойы жұмыс істемей келген балабақшаны ашу бойынша шаралар қабылдауды да тапсырды.