11.05.2017
Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде студенттерге арналған жаңа құрылғы - Body Interact («виртуалды емделуші») пайда болды. Бұл жүйе 2015 жылдан бастап АҚШ және Еуропада пайдаланыла бастаған. ТМД елдеріндегі медициналық ЖОО арасында қарағандылықтар оны алғашқы болып алған.
«Е-learning тәсілін қолдана отырып студенттерді оқытуда Body Interact ең заманауи инновациялық санды шешім болып табылады. Жоғарғы курс студенттері осы жүйенің көмегімен дұрыс диагноз қоюды үйреніп, клиникалық шешім қабылдауға машықтанады», - деп хабарлады әкімдік.
Құрылғы сенсорлық экраннан тұратын үстел ретінде жасалған. Онда виртуалды науқас бейнеленген. Экранға диагностика мәліметтері шығады – физиологиялық параметрлер, электр кардиограммасы, рентген суреттері, зертханалық зерттеулердің нәтижелері.
Осылайша, виртуалды симулятор шынайы уақыт режимінде науқастың таңдалған емдеу шараларына реакциясын көрсетеді.