09.03.2017
«2016 жылы 1-сыныптарда бірыңғай бағдарлама мен негізгі оқулықтар енгізілгеннен кейін ұстаздар кедергілерге кездесіп қала берді. Бүгінгі таңда бірінші сынып оқушыларының 80 пайызы жүгіртпе оқи алса, 20 пайызы әріпті де танымайды. Сондықтан барлық сынып бағдарламаны басынан оқуға мәжбүр болады. Осыған орай бірыңғай оқу бағдарламасын мектепке дейін де енгізу қарастырылған. Бұл жаңашылдықты енгізген соң бірінші сыныпқа бүлдіршіндер дайындықпен келеді. 2017 жылы нөлінші сыныптар бірыңғай және негізгі оқулықтармен елдің 1000 мектебінде енгізіледі», - деді Е.Сағадиев.
«Сауат ашу» оқулығына келетін болсақ, ол екі кітапқа бөлінеді: «Әліппе» нөлінші сыныпқа, «Ана тілі» бірінші сыныпқа арналмақ.
Сондай-ақ, ол нөлінші сыныпта әліпбиді «Әліппе» бойынша оқитын болады, бұл бірінші сыныпқа келген балалар арасындағы теңсіздікті қамтамасыз етеді.
« «Сауат ашу» оқулығына келетін болсақ, ол екі кітапқа бөлінеді: «Әліппе» нөлінші сыныпқа, «Ана тілі» бірінші сыныпқа арналмақ. Нөлінші сыныпты алыстан оқыту жүзеге асырылады. Отбасы.kz сайтында негізгі бағдарлама мен оқыту курсы жарияланды», - деді Е.Сағадиев.
Қайрат Жандыбаев