09.03.2017
«Ұстаздардың жалақысы аз екенін білеміз, ол бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Барлық жаңашылдықтар, оның ішінде қаржылық жағдайды ұстаздармен, Үкімет және Мәжіліспен талқылау керек. 2017 жылдың бюджетінде ұстаздар жалақысын көтеруді сағаттарды қысқарту арқылы жүзеге асыруды қарастырып отырмыз, балабақшалар мен мектептерде, ЖОО-ларда жеке секторды кеңейту есебінен іске асыру көзделген. Мұғалімдік жұмыс айтарлықтай әлеуеті бар. Жақын арада бізге балабақша мен мектептер және ЖОО-лар үшін 200 мың жаңа педагог қажет. Бұл сала жыл сайын жаңа жұмыс орнын ашатын болады», - деді Е.Сағадиев.
Сондай-ақ, ол атап өткендей, Қазақстанда мұғалімдердің 7 пайызы зейнеттің алдындағы жаста болып отыр.
«Жыл сайын 25 мың жаңа ұстаз маманданады. Қазір аталмыш санды арттыру бойынша жұмыс атқарылуда. Педагогика саласында магистратура мен бакалавриатқа қосымша 3 мың орын бөлу қарастырылған», - деді Е.Сағадиев.
Қайрат Жандыбаев