• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстандық оқушылардың 7,8% шағын жинақты мектептерде оқиды 28.02.2017

Министрлік  шағын жинақты мектептер проблемасын шешу бойынша бірқатар шараларды қарастырып отыр.

Біріншіден, электронды контентті қолдану: 2020 жылға қарай  100 пайыз мектеп  ИКТ қолданатын болады; барлық шағын жинақты мектептер интернетке қол жеткізбей-ақ электрондық контентпен қамтамасыз етіледі; мектептер, оның ішінде шағын жинақты мектептер  50 мың бейнеэкрандармен, проектор мен компьютерлермен  қамтамасыз етіледі, БілімLand жүйесімен қамту  2016 жылдан басталған болатын.

Екіншіден, ұстаздарды дайындау: министрлік қазіргі заманғы сыныптарға арнап ұстаздарды  дайындау мәселесін шешеді. Ерекше назар ауылдық мектептерге аударылады.  Жас кадрларды тарту, жас мамандарды мектептерге тарту.

Үшіншіден, қолжетімділікті кеңейту:  2020 жылға қарай ресурстық орталықтардың саны  200-ге жеткізіледі.  Мектептері шалғай  орналасқан ауыл оқушыларын тасымалдау жұмыстары одан әрі жалғасуда.

 

 


Back to the list