27.02.2017
«Астанада электронды кезекке тұру бар, алайда, іске асырылуы жоспарланып отырған осы жоба аясында оны логикалық соңына дейін жеткізуді көздеп отырмыз, яғни басқа қалаларда кезекте тұрған немесе басқа қалаларда орын алған балалар Астанадағы кезектен автоматты түрде шығарылуы үшін функционалды республикалық дерекқормен байланыстыру қажет», – деді Ә. Жанғозин.
Сондай-ақ, ол кезекке қоюдың қолайлылығы үшін WhatsApp, СМС-хабарландыру енгізілетінін атап өтті, автоматтандыру адами фактордың әсер етуіне жол бермей, жүйені ашық әрі тәуелсіз етеді.
«Қазіргі уақытта жүйе жекеменшік балабақшалар базасында іске асырылып, сынақтан өткізілуде. Жобаны іске асыру барысында жүйе өз мүмкіндіктерін кеңейтіп, функционалмен толығып отырады және шілде айында ол іске қосылатын болады», – деп мәлімдеді Ә. Жанғозин.
«Astana Innovations» өкілі осы жобаны республикалық деңгейге шығару жоспарланып отырғанын айтты.
«Ата-ана, Астана қаласының тұрғыны мемлекеттік органға жүгінбей-ақ, үйден өтініш беріп, өз кезегін қарай алады және балабақшаға кезекке алу туралы хабарламаны алады. Жоба Білім және ғылым министрлігінің деңгейіне шығарылды, Астанада, Алматыда енгізу және дайын жобаны республикалық деңгейге шығару мәселесі пысықталуда. Нәтижесінде, біз Қазақстан бойынша бірыңғай жүйе құрамызө, яғни басқа өңірге көшу кезінде жүйеде баланың кезегі қалай ауысқаны көрінеді және баланың өз қаласындағы балабақшаға кезегі сақталып қалады», – деді Н. Жетпісов.
Қайрат Жандыбаев
Видео: Арман Мұхатов