• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Е.Сағадиев мектептердегі қағаз  құжаттарын  себепсіз тексеру туралы пікірін білдірді 24.02.2017

«Бүгінгі таңда ҰББДҚ мен «Күнделік» арасындағы қағаз есептілігін алып тастадық. Бірқатар маңызды мәселелер бар -  ұстаздың тексерушілер алдындағы қорқынышы. Бұл мәселе  елдің Премьер-Министрімен,  бас прокурор мен қаржы министрімен  талқыланды. Бірлескен инструктивті хат пен  бұйрықты енгізу қарастырылған, ол тексерушілерге қағаз есебін қажет етуге  рұқсат бермейді», - деді БҒМ басшысы.

Ол айтып өткендей, қағаз есебін тексеру мәселесін Қаржы министрлігі бақылайды.

«Біз үшін аталмыш мәселе өте өзекті, Қазақстан бойынша қағазбастылықтан құтылу  мақсаты тұр. Ұстаз үшін өте ыңғайлы. Барлық портфолио мен құжаттар жеке кабинетте болуы керек, аттестациялық органдар ол құжаттарды қағаз жүзінде көрсетуді талап етпеуі керек.  Бірінші сыныптан PhD-ға дейін  барлық құжаттар бір жерде орналасуы керек», - дедің министр.

Ақбота Күзекбай

 


Back to the list