• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
2016 жылы Астана  оқушыларының саны  13 мыңға артты 16.02.2017

Ә.Исекешев айтып өткендей,   елорданың  маңызды мәселелерінің бірі – адами капитал. Әлеуметтік  қорғау халық арасындағы ең өзекті мәселе болып табылады.

«Елордада балалар саны жыл сайын шамамен 10%-ға өседі. Бұл туралы халықпен есептік кездесуде қала әкімі Әсет Исекешев мәлім етті. Қазіргі уақытта елордада 3 жастан ЖОО студенттеріне дейінгі балалар саны 258 мыңнан асады. Қалада 261 мектепке дейінгі білім беру мекемесі бар, соның ішінде: мемлекеттік  95, ведомстволық -2, жеке - 116, шағын орталықтар  48», - деді қала басшысы.

Ол айтып өткендей,  2016 жылы 79 мектепке дейінгі білім беру мекемесі пайдалануға тапсырылды, соның ішінде: 3 мемлекеттік балабақша, 44 жеке меншік балабақша, 32 шағын орталық. 46 мыңнан аса бала балабақша қызметімен қамтылған. Бұл - 70,6%, өткен жылы балалардың 64,5% қамтылған болатын.

«2017 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне кезекте тұрғандар саны - 33 240 бала. 2016 жылы балабақшаларды қаржыландыруға 8,6 млрд. теңге (2,5 жергілікті және  6,1 республикалық бюджет),  2017 жылы 9,9 млрд. теңге (2,9 жергілікті және 7,03 республикалық бюджет) бөлінді», - деді әкім.

Сондай-ақ,  2020 жылға дейін МЖӘ тетігі арқылы 138 жаңа жеке меншік балабақша ашылады, бұл балаларды толыққанды қамтуға мүмкіндік береді.

Ақбота Күзекбай


Back to the list