16.02.2017
Аталған стипендиялар Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Білім министрлігі арасындағы білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісім аясында (39 орын), сондай-ақ ШЫҰ мүше мемлекеттердің Үкіметтері арасындағы білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісім аясында (16 орын) беріледі.
Халықаралық бағдарламалар орталығының ақпараты бойынша, үміткерлерді іріктеудің негізгі критерийлері:
– шет тілін білу деңгейі, HSK сертификаты (бар болса);
– білімі туралы құжаттың орташа балы;
– академиялық кезең аяқталғаннан кейінгі ағымдағы үлгерімі;
– жоғары білімі туралы диплом мамандығының (магистратура, докторантура үшін) ҚХР-да оқу жоспарланатын мамандықпен сәйкестігі.
Толық ақпаратты, соның ішінде жоо мен мамандықтар тізімін csc.edu.cn сайтынан алуға болады.