16.02.2017
Ерлан Сағадиев Елбасы Жобасының негізгі қағидасы туралы баяндап, Білім және ғылым министрлігінің жұмысы мен ведомствоның жоспары туралы бөлісті.
Сондай-ақ, өткен жылы ҰБТ форматының өзгеруінің нәтижесінде 17 мың бала жоғарғы білім алды. Биылғы жылы ЖОО-ларға бөлінетін мемлекеттік гранттардың саны артады.
«Бакалавриатқа гранттар санын 31 мыңнан 36 мыңға көбейтіледі, магистранттарға бөлінетін грант саны 7 мыңнан 10 мыңға және PHD екі есеге артады», - деді министр.
Е.Сағадиев айтып өткендей, өткен жылы 75 мың педагог жаңартылған мектеп бюағдарламасына орай оқытудан өтті, «Электрондық күнделік» жүйесін мектепрдің 50 пайызы орнатты.
«Жаңа жүйе ұстаздарға бағаны «онлайн» қоюға, ата-аналарға балалардың бағасын қадағалауға мүмкіндік береді, қазір 770 мың ата-ана аталмыш қосымшаны қолданады», - деді ведомство басшысы.