16.02.2017
«2016 жылы өңірде тұрғын үй құрылысы жоғары қарқынмен жүргізілді. Осы салаға инвестициялар көлемі 2015 жылғы деңгейден 8,4% асып, 29 млрд теңгені құрады», - деді облыс әкімі.
Осылайша, оның айтуы бойынша, 365 мың шаршы метр пайдалануға берілген, осы ретте енгізілген көппәтерлі тұрғын үйлер көлемі - 1,5 есе, жеке тұрғын үйлер құрылысы 12% өскен. 3 мыңнан астам отбасы қоныс тойын тойлады.
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамытуға 2016 жылы 12 млрд теңгеден астам қаражат бағытталды, барлық жоспарланған іс-шаралар орындалды», - деп атап өтті С. Кулагин.
Әкім биылғы жылы 3 мың оқушы орнына арналған 8 мектептің құрылысымен қайта құрылуына бюджеттен қаражат бөлінгенін хабарлады (Көкшетау қ., Бурабай, Еңбекшілдер, Қорғалжын, Сандықтау және Целиноград аудандары). Шаруашылық субъектілерінің тартылуын ескере отыра, мектепке дейінгі ұйымдар желісі 3 мың орынға кеңейген, бұл балалардың (3-6 жас) қамтылуын 95,4% дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді.
«Соңғы үш жыл ішінде жекеменшік балабақшалардың үлесі 30% дейін өскен. Алдағы уақытта МЖӘ аясында 4 мың орынға арналған балабақшалардың құрылысы бойынша 29 жобаны іске асыру жоспарланып отыр», - деп ақпараттандырды ол.