• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Жаңғырудың негізгі қозғаушы күштері жаңартылған білім беру бағдарламасы болып табылады - Шәмшидинова (ФОТО) 08.02.2017

«Жиырма бірінші ғасырдағы білім беру саласы әлеуметтік категориядан экономикалық категорияға ауысқанын барлығымыз түсінеміз. Дегенмен, қажетті дағдылар мен біліктіліктерді меңгеру жеке және әлеуметтік тұрғыдан экономикалық әсерге ие», - деп атап өтті Күләш Шәмшидинова.

Дөңгелек үстелге қатысушылар жаңғырудың бес басымдықтарының бірін іске асыруға – адами капиталдың сапасын жақсарту мен білім беру саласындағы реформаға ерекше көңіл бөлді.

«Оқытудың жаңа моделін енгізу – барлық құрылымдар мен топтарды қамтитын ауқымды әрі жүйелі процесс. Жаңа тәсіл ақпараттық оқытудан инновациялық оқытуға көшуді білдіреді. Барлық енгізілетін жаңалықтар практикалық бағытқа ие. Кез келген жаңғырудың негізгі қозғаушы күштері құзырлы органдар болып табылатындықтан, жаңартылған білім беру бағдарламасы адами капиталдың сапасын жақсартуға мүмкіндік береді», - деп санайды НЗМ басшысы.

Сондай-ақ, білім берудің жаңа моделі «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуді және өсіп келе жатқан ұрпақ арасында үштілділікті енгізуді көздейтінін атап өту қажет. 

«Қазіргі заманғы білім беру парадигмасы сыни, цифрлық және инновациялық ойлаудың дамуына бағытталған. Біздің түлектеріміз еңбек нарығында өз орнын тауып, өмірде табысты болуы тиіс», - деп қорытындылады Күләш Шәмшидинова.

Әмина Сатыбалдинова

Сурет Арман Мұқатов


Back to the list