• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Шығыс Қазақстанда мектептердің электрондық  рейтингі енгізіледі 03.02.2017

«Шығыс Қазақстан мектептерінде білімнің дәрежесі мен үлгерімі және ұстаздардың дәрежелері туралы енді  мектептердің  электрондық  рейтингісі арқылы білуге болады.  Бұл жүйені  2017 жылы енгізу жоспарланып отыр», - деді Айжан Садықова.

Оның айтуынша, рейтинг мектептерді  таңдайтын ата-аналарға арналып отыр. Себебі, облыс бойынша мектептердің білімін салыстыру  арқылы ата-ана оқушы баланы қайда беру керектігін шешеді.

Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облысы мектептерінің салыстырмалы бағасын беретін қосымша әзірленді. Ол толық әзірленіп болған соң  осы жылдың ортасында  білім беру басқармасында іске қосу жоспарланып отыр.

«Мектептердің рейтингісіне ата-аналар, БАҚ және қоғам қол жеткізе алады. Ол қалалық, ауылдық, толық, шағын кешенді,  негізгі және орта болып бөлінеді. Әр категорияда мектептердің бөлінуін көруге болады», - деді ол. 


Back to the list