30.01.2017
Сонымен бірге, тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар № 28, 63, 65, 83, 45 мектеп-гимназияда оқиды.
Аутизмге шалдыққан балалар үшін психологтың арнайы логопедиялық және коррекциялық-педагогикалық қолдауы қарастырылған, сондай-ақ, олармен арнайы педагогтар (тифлопедагог, сурдопедагог, логопед, олигофренопедагог), емдік дене шынықтыру және арнайы мамандар жұмыс істейді.
Бұдан басқа, жалпы білім беретін 21 мектепте 131 арнайы (коррекциялық) сынып ұйымдастырылған, онда 1 102 бала білім нәрімен сусындауда.