25.01.2017
«Біз шатырды, кіре берісті, есік, терезелерді, едендік төсемелер мен плиткаларды жаңарттық. Толық ішкі әрлеу жұмыстарын жүргізіп, қабырғаларды создық, мектеп алдындағы жолды жөндеп, қоршаулар орнаттық. Сондай-ақ, мектептің ескі жиһазы да толық жаңартылды», - деді облыс әкіміне аталмыш кәсіпорын басшысы Уәлихан Арипов.
Атап өту керек бұл осы ауылдағы жеке сала тарапынан жасалып жатқан жалғыз игілікті көрсеткіш емес. Өткен жылы «Әріп-Агро» ЖШС осы Пакровка ауылының жергілікті фельдшерлік-акушерлік орталығын жөндеп берген.
Атап айтқанда жеке серіктестік дәрігерлік мекемеге жөндеуден басқа дәрігерлік жиһаз, қондырғылар мен жедел жәрдем көлігін сатып алып берген. Жалпы ФАП-тың материалдық-техникалық базасын жаңартуға 11 млн. теңге қаражат жұмсалған екен.