• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Алматы облысында биылғы жылы білім саласының 39 нысаны іске қосылады 10.01.2017

Бір жылда бір саланың өзінен осыншама нысанды салу бұрын-соңды болмаған көрсеткіш.

Бұл білім мекемелерінің 39-ы биылғы жылы іске қосылса, 9-ының құрылысы келесі жылы да жалғасатын болады, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Жалпы 2017 жылға Алматы облысында 353 нысанның құрылысы жоспарланған. Оның 70-і - әлеуметтік бағытта, атап айтқанда білім беру және денсаулық сақтау саласының нысандары, 35-і инженерлік инфрақұрылым нысаны, 31-і ветеринарлық-профилактикалық пункт. Сонымен қатар ішкі істер органдарының 64 нысаны және басқалары бар. Жалпы биылғы жылы бұлардың 288-ін іске қосу жоспарланып отыр,

Биылғы жылы спорт саласы да назардан тыс қалмайды. Жақын арада облыстың елді мекендерінде жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, спорттық алаңдар және басқа да маңызды нысандар пайдалануға берілмек.

 


Back to the list