06.01.2017
Өңір әкімдігінде кездесу барысында тараптар Ақмола облысын әлеуметтік-экономикалық дамыту мәселелері мен оның болашақ жоспарларын талқылағаны хабарланды.
«Қазақстан Тәуелсіздігінің мерейтойлық жылы біздің өңіріміз үшін аса сәтті болды. Облыс шаруалары жаңа технологияларды енгізу есебінен дәнді дақылдардың өнімділігін едәуір арттырып, 5,7 миллион тонна астық жинады», - деп атап өтті әкім.
Астана айналасындағы азық-түлік белдеуін дамыту аясында біздің облысымыз астананы ұнмен, жұмыртқамен және картоппен - 100%, ет өнімімен - 52% және сүт өнімімен 50% қамтамасыз етеді.
Өңір басшысы атап өткендей, металлургия саласын дамыту перспективалары Ақмола облысының дәстүрлі аграрлық өңірден еліміздің ірі аграрлық-өнеркәсіптік өңіріне айналуына мүмкіндік береді.
Сондай-ақ ол 25 жыл ішінде облыста 530-дан астам мектепке дейінгі мекеме ашылғанын да қосты, бұл балаларды қамтуды 95% дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді, осы ретте 1999 жылы бұл көрсеткіш 8% деңгейінде болған еді.
Депутаттар өңірдің экономикалық әлеуетін күшейтуге және облыс халқының әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік беретін жобаларды іске асыруда барынша көмек көрсететінін атап өтті.