• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Шымкентте 280 орындық балабақша пайдалануға берілді (ФОТО) 21.12.2016

280 орынды заман талаптарына сай жаңадан пайдалануға берілген «Қос ана» балабақшасының бүлдіршіндерге есігін айқара ашуы барлығымыз үшін үлкен қуаныш.

«Қос ана» балабақшасында балаларға арналған ойын бөлмесі, балалардың ән шырқап, би билеуіне арналған музыка залы, салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған спорт залы, әр топқа арналған ойын алаңшалары мен  асханасы бар.

Сонымен қатар бөбектер ұйықтайтын бөлмелері мен сапалы білім мен саналы тәрбиеленетін бөлмелері жеке дара. Сондай-ақ бүлдіршіндердің жас ерекшелігіне сай ақыл-ойын дамытатын сан алуан ойыншықтар түрімен қамтамасыз етілген.

 


Back to the list