• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Таразда жыл басынан бері 880 бала мектепке дейінгі біліммен қамтылды 15.12.2016

Оның сөзіне сүйенсек, ағымдағы жылдың 1 қарашасына 94 мектепке дейінгі білім мекемесі, оның ішінде 44 мемлекеттік балабақша мен 21 шағын орталық және жекеменшік 29 балабақша мен 1 шағын орталық жұмыс жасады. Аталған ұйымдарда 1-6 жас аралығындағы 18 003 бала мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтылған.

Жалпы балалардың мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтылу үлесі 1-6 жас аралығында 66,2 пайызды, 3-6 жас аралығында 85,0 пайызды құрап отыр. Балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту үшін 2016 жылы 870 орын ашу жоспарланып, 1 қазанына 880 орын ашылды.

Білім жүйесін қаржыландыруға биылғы жылы 18 млрд 485 млн теңге қарастырылған, бұл 30,7% былтырғы деңгейден жоғары.

Білім саласының 8 нысанында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қазынадан 1 млрд 224 млн теңге қарастырылып,6 мектеп,3 балабақшаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, 10 білім мекемесінде 114827 мың теңгеге ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді ( 6 мектеп, 3 балабақша,  1 қосымша білім  беру ұйымы).

РБ қаражаты есебінен «Кірпіш зауыты» аймағында 300 орынды, «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында «Салтанат» мөлтек ауданында 1000 орынды мектеп құрылысы жүргізіліп жатыр, - деп хабарлаған өңір басшысы журналистерді толғандырған сұрақтарға да жауап берді.

 


Back to the list