• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстан мен Түркия ТжКБ саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды 06.12.2016

Бұл құжат екі тараптың 2011 жылы қол қойылған меморандумының аясында іске асырған ынтымақтастығын жалғастыруды көздейді.  Аталған меморандум шеңберінде 2012-2016 жылдар аралығында екі жақты техникалық және кәсіптік білім саласының 400-ге тарта қызметкері – агрономия, ветеринария, аспаз, тігінші, шаштараз ісі, дизайн, құрылысшы, туризм, автомобиль жөндеу, есептеу техникасы, ақпараттық технология, менеджмент мамандықтары бойынша Стамбул қаласының кәсіптік білім беретін оқу орындарында іс-тәжірибе алмасып, тағылымдамадан өтті. Сонымен бірге олар аталған мамандықтар бойынша шағын және орта бизнесті ұйымдастыру бойынша лекциялар тыңдады.

2014 жылы Департамент Түркия Республикасының Ұлттық білім министрлігінің қызметкерлерімен бірлесіп, Астана қаласының «Тұран» колледжі базасында «Ақпараттық технология және болашақ» атты республикалық ғылыми–практикалық конференция ұйымдастырды, оған республиканың 80 колледжінің өкілдері қатысты.

2016 жылғы 1-8 қазан аралығында Түркиялық делегация Алматы, Астана қалаларының, Ақмола, Алматы, Шымкент облыстары колледждерімен танысып, іс – тәжірибе алмасты.

ТІКА 2016 жылға дейін жыл сайын өткізіліп келген «Кәсіптік білім және бизнес: Әріптестер диалогы» VI Халықаралық форумына демеушілік көрсетті.

ТІКА биыл өткен WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионатының 1-2-3 орын алған жеңімпаздарына Стамбул қаласының техникалық және кәсіптік білім жүйесімен, мәдени, тарихи орындармен танысуға тегін сертификаттар ұсынды.

 


Back to the list